І. ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған. (125 сөз)

1. Берілген сан есімдерді есептік сан есімге аударып жазыңыз. 24,75,18,200,1460,1958,1,3. ( 4)

2. Мәтіннің негізгі ойын, тақырыбын ашатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) Оқу залы библиографиялық көрсеткіш
Б) Америкалық басылым, коллекция
С) Конгресс кітапханасы, ұлттық кітапхана
Д) Қытай және жапон туындылары
Е) Кітап қоры, сканерлеу жылдамдығы [1]

3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
А) Конгресс Кітапханасы қай кезде құрылған? [1]
В) Кітапханада қай елдің туындылары сақталған? [1]

4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).[3]

Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс

1
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең кіші кітапханалардың бірі.

2
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар.

3
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, орыс және ағылшын туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.

Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтаңыз.(40-50 сөз).
[5]

Ежелгі көшпелілер мәдениеті.
Сусыз тіршілік жоқ.

Бағалау критерийлері

І. Оқылым
№тапсырма
1-4
Дескриптор


Білім алушы

берілген сөздердің баламасын таба алады;
4

мәтіннің негізгі ойын анықтай алады;
1

берілген сұраққа мәтіннен жауапты дұрыс анықтайды;
2

Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтады;
3

ІІ. Жазылым.
Эссе стилін қолданып, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері сақталған.

эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жаза алады;

1

Бөлімдері сақталған;
1

Сөздердің орын тәртібі дұрыс;
1

Орфографиялық заңдылықты сақтайды.
2

Барлығы:
15​


І. ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатын

mexoc mexoc    3   24.12.2020 15:35    3

Ответы
09kok90 09kok90  23.01.2021 15:38

1-тапсырма

Жиырма төрт,жетпіс бес,он сегіз,екі жүз,мың төртжүз алпыс,мың тоғызжүз елу сегіз,бір,төрт.

2-тапсырма

С)

3-тапсырма

1.Конгресс кітапханасы 1800 жылы 24сәуірде құрылған.

2.Америка

4-тапсырма

1.Бұрыс

2.Дұрыс

3.Бұрыс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi