Оқылым. Мəтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дəстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қыска əрі мəні терең сөз. Батаның тəрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дəстүрі, рəсімдері бар.
Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана əжелер береді.
Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге əкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек- бата — үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.
Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
1.
2.
3.
Мəтін мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз. a) Тұсаукесер туралы
b) Ораза айты
c) Бата беру дəстүрі
1. 2. 3.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мəтінде қазақ отбасының қандай мерекелері мен дəстүрлері туралы айтылған? Батаның қандай түрлері бар?
Батаны кімдер береді?
d) Ақсақалдар мен əжелер e) Тілек-бата
[3] Мəтін мазмұнына сай «дұрыс, бұрыс» ақпараттарды белгілеңіз.
[1]
Ақпараттар
Дұрыс (+)
Бұрыс (-)
1. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі.
2. Батаны баланың əке-шешесі береді.
3. Ас батасы – асты үстелге əкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата.
Оқылым. Мəтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.​

Pro100Brotanich Pro100Brotanich    1   29.10.2020 09:17    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi