Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Екі мәтінді кесте бойынша салыстырыңыз.
А-мәтіні
1. Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англия да дамыды. Ойынды екі команда ойнайды. Әр командада он бір адам болады. Бір қақпашы, он ойыншы. Ойында төреші болады. Төреші ойын барысын бақылайды. Төрешіден ескерту алған ойыншы – сары карточка алады. Ойында қызыл карточка алған ойыншы ойыннан шығуы керек. Себебі, тыйым салынған тәсілмен ойнауға болмайды. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. Ойын мақсаты – допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
В-мәтіні
2. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Жаны саудың – тәні сау», - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген.
Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек және күнделікті гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет. Футбол ойнауда,шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді.
А-мәтіні
В-мәтіні
Мәтін тақырыбы (не туралы?)
Негізгі идеясы (не үшін жазылған?)
Мақсатты аудиториясы (кімге арналған?)