Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.
Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтанадамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жербетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да,адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
1-тапсырма. Тақырып бойынша тесттік сұраққа жауап бер. [ ]
1.Су адам ағзасында дәрумендермен қатар ненің таралуын реттейді?
А) минералдарды таралуын реттейді
В) иммунитеттің күшейуін
С) түрлі қалыпта болуы
D)таза энергиясы [1]
2.Судың жетіспеуі ағзаға ...
А) күш түсіреді.
В) қауіп төндіреді.
С) пайдалы болады.
D)оттегін тасымалдайды. [1]
3.Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай?
А) адамдар ауруларға шалдығады
В) емдік мақсатта қолданады
С) суды үнемдеуді түсінеді
D)мұздықтарды ерітеді [1]