Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған.
Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.
Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз. Составьте
два во по содержанию текста
Сұрақтар
1. 1 ұпай
2. 1 ұпай
2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. Найдите антоним и синоним данных слов.
Жуан (антоним) - 1 ұпай Халықтың (синоним) 1 ұпай
3. Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз. 1 ұпай
Определите порядок предложений по тексту
Мәтіндегі ақпарат Реті
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп.
Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу.
Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.
2-тапсырма
Жазылым
Берілген тапсырмалардың біруін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық нормаларға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
[10]
1.Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.
(Напишите биографию Абая Кунанбаева, сохраняя стиль написания биографии)
2. Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз. (Напишите эссе. Что относится к прикладному искусству? Какие ты знаешь виды прикладного искусства