Оқылым.
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.

1. Демалыс кезінде адам ағзасына нелер әсер етеді?

А) бактериялар, инфекциялар
В) климат, тамақ, уақыт
С) табиғат, көкөніс, көше
D) дәрі-дәрмек, саяхат
[1]

2. Мәтінге ат қой: (Озаглавьте)
[1]

3. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. (Найдите правильную информацию, предоставленную в соответствии с содержанием текста.)

р/с Ақпараттар дұрыс бұрыс
1 Жолға шықпас бұрын дәрігерге тексерілген жөн.

2 Тек газдалған сусын ішіп, тамақты базардан алыңыз.
3 Адам көп жиналған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады.

[2]
4. Денсаулық қай уақытта ерекше күтімді қажет етеді?

[1]
5. Саяхатқа шықпас бұрын ғаламтордан нені біліп алу керек?

[1]

6. Мәтіннен синонимін тауып жаз.( Найдите из текста синонимы)
ел -
сүлгі -
керекті-
дәстүрі -
[4]

akh97 akh97    1   23.05.2021 12:57    0

Ответы
ychenicaa7 ychenicaa7  22.06.2021 12:58

Объяснение:

Почему мало бллов я не понял

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
karine228 karine228  22.06.2021 12:58

1 А,В

2 Саяхатшыга кеңес

3 1) дұрыс 2) бұрыс 3) дұрыс

4 Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді.

5 Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз

6 ел- халық

Сүлгі-шашық

Керекті-қажетті

Дәстүрлі - әдеп-ғұрымты

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi