Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақ халқы ержүрек, намысты қолдан бермейтін халық. Қиын заманда елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты батырларымыз аз емес. Олардың бірі, «Шығыстың қос шынары» деп атанып кеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы аса құрметтейміз.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, 1935 жылдан бастап балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап снайпер болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылы ол өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған ұрыста Мәншүк демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Отан үшін отқа түскен қазақ халқының батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова қысқа ғұмырларында Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпайды.
1. Мәтінге қандай тақырып сәйкес келеді?
Г) жомарттық
Ә) достық, татулық
В) ерлік, батырлық
А) өнерпаздық
Б) адалдық, мейірімділік
наверно А) но это не правильный ответ наверно