Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 24 мамыр - Қазақстандық ауыр атлет, ұлт мақтанышы Илья Ильиннің туған күні. Илья Ильин 1988 жылдың
24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Спорт залға
алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келген. Ағасы Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет
жеңімпаз атанған спортшы. Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруге әуестенген Илья арнайы
үйірмедегі жаттығуын сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері - Вилорий Пак.
13 жастағы Илья Ильин Семейде өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, ең жас спортшы ретінде
арнайы жүлде алды. Бұл оның - алғашқы жетістігі болатын. Арнайы жүлде – жас спортшыға үлкен сенім
сыйлады.
Илья Ильин төрт рет әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанған. Спорттағы жетістігі үшін «Отан», «Құрмет» және
«Барыс» ордендерімен марапатталған.
Илья Ильин Қазақстан спортында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы. Спорттық
мансабын 32 жасында аяқтағысы келетіні туралы осыған дейінгі сұқбаттарының бірінде айта кеткен
болатын.
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. (Определите тему текста)
Дос - ажарың, жолдас - базарың.
Ұлт мақтанышы
Ас - адамның арқауы.