І. Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Наурыз – жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледі, жаңа күн басталады. 22 наурыз – бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. Оны қазақ халқы ертеден тойлап келеді.
Қазақ халқында бұл мейрамды тойлаудан ертеден қалыптасқан дәстүр бар. Ең алдымен, адамдар өз отбасыларында Наурыз таңын қарсы алады. Бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Үйдегі үлкен кісілер жастарға бата береді. Ренжіскен адамдар Наурызда бір-бірінен кешірім сұрап, татуласады.
Бұл күн дастарқандарға әртүрлі ұлттық тағамдар қояды. Солардың ең бастысы – наурызкөже. Дастарқанға ауылдың үлкен ақсақалдары бата береді.
Қазақ халқы наурыз тойын көңілді өткізеді. Өнерпаздар ән айтып, бишілер би билейді. Күйшілер күй тартады. Әртүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Салт-дәстүр көрсетіледі.
Наурыз «Табиғат мейрамы» деп те атайды. Себебі, бір жағынан көшпелі тұрмыс кешкен, екінші жағынан, жартылай отырықшы болған қазақ халқының өмірінде табиғат-ананың бұл мерекесі ерекше орын алады.
1-тапсырма. А. Мәтін бойынша екі сұраулы сөйлем құрастырыңдар. ( )
1.
2.
Ә. Мәтін бойынша оқшау сөйлем құрастырыңдар (қаратпа, қыстырма, одағай). ( )
1.
2.
3.