І. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. Ана - ардақты есім. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған өмірі үшін өте жақсы көремін.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек жоқ. Өмірдегі ең асыл, мейірімі шексіз жан. Анамызға сыйлық сыйлау біз үшін үлкен бақыт болуы тиіс. Қаншалықты сыйлық берсек те, оның ақ сүтін ақтай алмаймыз.Аналарды құрметтеу, сыйлау- бізге парыз. Оларға алғысымызды білдіретін мерекелердің бірі - халықаралық 8 наурыз мерекесі. Мереке қарсаңында аналарға қандай сыйлық тартсақ та жарасымды.
Сөздік жұмыс.
махаббаты шексіз-любовь безгранично
толқымайтын жүрек- не затронуло бы сердце
ақтай алмаймыз-перед ней в долгу
парыз- долг
алғысымыз -благодарность
құрметтеу-уважать
1-тапсырма
Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.
2-тапсырма. Мәтінге ат қой.
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр.
Жоспар:
1.
2.
3.
4-тапсырма Мәтіннің ішіндегі асты сызылған сөздермен сөйлемдер құра.
ІІ Жазылым
1-тапсырма. Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, мәтін құраңыз.
1. Ана -ең ардақты есім.
2. Үлкенге құрмет.
3. Менің асыл әжем.
4. Отбасым-алтын бесігім.
5. Әкешім-қамқоршым.
2-тапсырма. Мәтіннің ішінде кездесетін қарамен боялған сөзге мақал – мәтелдер құрастырып жаз.