Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыздар.
Домбыра — Қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі
музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік
музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр,
толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық
шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде
домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық
музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын,
мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың
халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және
қажетті аспап болып есептелген.Бұл музыкалық аспаптың пайда болу
тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның екі түрі бар – батыстық
және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді.
Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра
керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып
келеді. Шығыстық жуан және қысқа домбыраларда мұндай техникалық әдіс
қолданылмайды. Аспаптар көлемімен Қалыбының түрі дыбысталу күшіне
әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.​


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыздар.Домбыра — Қазақ халқының ең кең тар

Bluka23 Bluka23    2   01.03.2021 11:33    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi