Оқылым.Мәтінді мұқият оқыңыз,тест тапсырмаларын орындаңыздар. 1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің мәжілісінде әл-Фарабидің ЮНЕСКО
ауқымында 1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі қозғалған кезде бүкіл әлем ғалымдарын
таңдандырған оқиға болды. Батыс пен Шығыс ғалымдарының бәрі араб ғалымы деп білетін әйгілі
Әбу Насыр әл-Фараби арабтың да, түріктің де ғалымы емес, қазақтың тікелей бабасы болғаны
бұлтартпастай дәлелденген еді. Бұл оқиға тек ұлы ғұламаның өмірі мен еңбегін тереңдеп білумен
қатар, дүниежүзі зерттеушілері әлемде қазақ деген ұлт бар екенін, тіпті бүкіл адамзат өркениетінің
бір бастауы көне қазақ жерінен таралғанын мойындап, таңғалысты. Сонда әл-Фарабидің қазақ
бабасы екенін әлем ғалымдарына мойындатқан кім болды? Қазақ жұрты ғана емес, сол кезеңдегі
Кеңес Одағы ғалымдары мұндай ірі зерттеуді жүргізген тарихшы да, рухани саланың ғалымдары
емес, құжат бойынша геолог- ғалым Ақжан Машани екеніне қанығып таңырқасумен болды. Ал осы
айтулы тұлға Ақжан Машани деген кім? Бұл жөніндегі сауалға қазір қазақтың көптеген жастары
жауап бере алмайтыны байқалады. Ақжан Машани 1970 жылы «Жазушы» ба шыққан «әлФараби» тарихи романында сол әмір өткізген мәжілістегі оқиғаны нанымды түрде көркем тілмен
жазған еді. Жалпы Ақжан Машани үш көркем шығарма жазды. Бірі – жастарды ғылымға баулитын
ғылыми-фантастикалық романы «Жерастына саяхат», екіншісі – ұлы ғұламаның азаматтық
бейнесін сомдаған «Әл-Фараби» тарихи деректі романы, үшінші – қазақтың дүниетанымына
арнаған «Табу» романы.
1-тапсырма. Сөздердің синонимдерін мәтіннен табыңдар:
1.атақты- 2.осындай- 3.шынайы
Казр айтам жаксы иа ма окей