Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. 1-мәтін

Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелерді тобылғы басқан.

Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді.

Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағаннаң ортасында терең құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім, ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті.

... Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.

Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды... .

Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді.

Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.

2-мәтін

Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып, жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.

Үй ішінен шықпайды.Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.

Жаз ортасында жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп, жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағындай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзіғұрпы күшіктерден сонша үлкен емес.

Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды.

Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді.

1. Сұрақтарға жауап беріп, кестені толықтырыңыз.

1. Оқиға қай жерде болады?

2. Тұтқыншы болып кеткен не?

3. Тазыны кім асырап алды?

4. Қарадыр еліндегі мазасыздық ? (ауыл адамдарының зардабы)

2. Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

Тақырыбы: Идеясы

3. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимін және антонимін табыңыз.

а. тұтқын -

ә. семіру -

4. Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, кестені толтырыңыз.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Айырмашылығы

Әдеби жанры

Авторы

Жазылым

1. Берілген екі мәтінге ортақ тақырыпқа эссе жазыңыз. «Қоршаған орта – тіршілік көзі

йцуячс2 йцуячс2    3   19.03.2021 04:21    14

Ответы
stella201 stella201  19.03.2021 06:00

Я не знаю не знаю не знаю не знаю не знаю

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi