Оқылым мәтінінен сапалық және қатыстық сын есімдерді анықтап, кестеге толтырыңыз. мәтін:
Көліктің пайда болу тарихы
А ежелден қысқа мерзімде ұзақ қашықтыққа жету, өз жұмысын жеңілдету, еңбек өтімділігін арттыруды армандаған. Олар жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасай бастады.
Ең алғаш өздігінен қозғалатын бумен жүретін көлік 1769 жылы Францияның соғыс министрі Этьен-Француаның тапсырмасымен құрастырылды. Бу көлігін Николас Джозеф Кагнот пен әскери механик Брезин Парижде құрастырып шығарды. Бес тоннаға дейін жүк тиеуге болатын бұл көлік сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді. Көліктің осал жері тежегіші болған. Осының кесіренен бірнеше рет жол апатына ұшырап, нәтижесінде 1771 жылы көлікті шығару тоқтатылды. Соған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихтағы ең алғашқы көлік болып саналады.
Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлікті жасап шығарған – Карл Бенц. Ол 1885 жылы үш дөңгелекті, үш орындықты көлік жасап шығарды. Үш дөңгелекті көлік ыңғайсыздау болған соң, 1893 жылы қозғалтқышы үш ат күшіне тең төрт дөңгелекті автокөлік ойлап тапты. Ол – Мерседес Бенц көліктерінің атасы, тұңғыш шығарушысы Қазіргі көліктердің күші 40 аттың күшіне тең. ​

manafin1 manafin1    2   04.02.2021 11:21    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi