Оқылым мәтініндегі негізгі ойды сақтай отырып, аннотация жаз.

Алматыда саумалдан шоколадтың 8 түрін жасайтын өн-
діріс орны ашылды. Мамандардың айтуынша, бұл қауіпсіз
өндіру бағытындағы теңдесі жоқ
инновациялық
жаңалық. Өйткені осындай отандық брендті жасап шығару
үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді
Шарманов көптеген ғалым-технологпен бірлесіп, арнайы зерттеулер жүргізген. Тынымсыз ізденістің нәтижесінде Жер
шарындағы теңдесі жоқ шоколад дайындап шығарды.
қан шоколодтың құрамында транс май қышқылдары, қа-
ныққан майлар мен холестерин жоқ. «Шарман» шоколадын
Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тап-
жеген адам шөлдемейді, себебі оның құрамында Кубадан
әкелінген какаоның жоғарғы сұрыптары бар. Ал қант қосыл-
маған тәттінің бұл түрі әлемде ешбір мемлекетте шықпай,
тек бізде өндірілуі де үлкен жетістік.
– Қант – адамның ең қауіпті жауы. Біздің мақсатымыз –
сол қантты араластырмай шоколад шығару. Қазір шоколад-
тардың бәрінің құрамында қант бар. Қант денсаулыққа
зиян. Біз тарихта тұңғыш рет бие сүтін пайдаланып,
шоколад жасадық, – дейді Қазақ тағамтану академиясының
президенті Төрегелді Шарманов.
«Ұлытау» шоколадының құрамында қант болмаған-
дықтан, ол түрлі дертпен ауыратын науқастардың қуатын
арттыратын емдік тағам, – дейді ғалымдар. Табиғи таза өнім
семіздіктен арыламын дейтін адамдарға да өте пайдалы.
Сондықтан мамандар сусамыр дертімен ауыратын науқастарға
да осы шоколодты жеуге кеңес береді.
Тағамтану ғалымдарының айтуынша, бие сүтінен дайын-
далған шоколадтың құрамына төмен молекулярлық пептидтер,
макро және микро элементтер қосылған. Сол себепті қантсыз
шоколадты тек жеңсік ас деп қарамай, халықты сауықтыруға
арналған дәрумендік өнім ретінде қабылдау қажет.​

ксюнчик12 ксюнчик12    2   17.02.2021 21:37    26

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi