Оқылым мәтінінің алғашқы 3 азатжолы бойынша жұмыс жүргізіңдер. Сөйлемдегі есімді және етістікті тіркестерді ажыратып, кестеге
жазыңдар.
Үлгі:
Есімді тіркестер Жасалуы Етістікті
тіркестер
Жасалуы
Байқоңырдың тарихы Басыңқы
сыңары
зат
есімнен
Комиссия құрылды Басыңқы
сыңары
етістіктен
жасалған

Maksgeem Maksgeem    3   10.12.2020 09:11    2

Ответы
Анна5363646 Анна5363646  10.12.2020 09:20

Объяснение:

Етістік сөздер сөйлемнің құрамын, кұрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі, іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп.

Етістік сөздер басым компонентретінде сөз тіркесін кабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды. Қабысу мен матасу амалын жұмсауда сан мөлшері жағын ескергенде, есімді тіркеспен етістікті тіркес тек епал-шақтық жоқ: қызыл қалам, шай қасық — кеше келді, қаламның ұшы — інімнің келгені т. б.

Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістік тіркесте өте мол көрінеді.

Бірақ етістік сөздердің өзі іштей тіркестік қабілеті—тіркесу амалдарының түр-түрін пайдалануы, бір амалдың өзінің түрлерін қолдануы бірдей емес. Әр етістік сөздің тіркестік кабілеті оның грамматикалык формасына, лексикалық мағынасына байланысты. Тіркестік қабілеті жағынан етістіктер ең алдымен субстантивті-қимыл атауы болатын формалары мен ол формалары жоқ калпына карай ерекшеленеді. Субстантивті формалар (есімше, тұйық рай) бағыныңқы сөз бен матасу арқылы байланыса алады, ол форманы алмаған етістіктер бағыныңқы компонентті матастырып тіркестіре алмайды: бұлттың сейілгені — бұлттан сейілді.

Етістіктерді тіркесу кабілеті жағынан өзара ажырататын, бөлетін тағы бір жай—олардың салт сабақты болуы. Сабақты етістіктер бағыныңқы сөзді табыс септік формада меңгере алады, салт етістік бұл тұлғадағы сөзді меңгере алмайды.

Етістік сөздердің әрқайсысы өз мағынасына сай тіркес құрау қабілетіне ие болатыны тағы бар. Мұнымен қатар етістіктер мағыналық топтарға қатысы жағынанда түрлі тіркестік сапаға ие болып жатады.

ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІЕтістікті сөз тіркестеріне қабысу амалы арқылы бағыныңқы компонент ретінде қатысатын сөздер мыналар: сын есімдер, сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер.

Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппайеркінқатысабермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтарыарқылыжасалғансынесімсөздер:сынаптай құбылды, шайдай ашылды, дамылсыз сөйледі.

Сапалык сын есім сөздердін. бағыныңқыболыпетістіктісөзтіркескекіруіаз. Бұлардыңкөбікүрделікөсемшеніңшегерілуінегізіндеқалыптасқан: (ұзын қылып кесті—ұзын кесті, қалың болып шъқты—қалың шықты), Сын есімді қабыстырыпкатыстырғанетістіктісөзтіркестеріпысықтауыштыққатынастыбілдіреді.

Сан есімдер етістікті сөзтіркесіненегізінендүркіндік, көлемдікмағыналы рет, есе сөздерініңжетегіндекірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. Тек ауызекі сөзденемесеосыстильгееліктегенжазбатілдесанесіметістікпентікелейқабысыптіркеседі: ол ұзағанша артына үш қарады. Соңғытіркес—толықварианттыңшегерілгентүрі. Үш рет қарады — үш қарады.[27-б]

ҮСТЕУСӨЗДІҚАБЫСТЫРАҚАТЫСТЫРҒАНЕТІСТІКТІСӨЗТІРКЕСТЕРІҮстеулерқимылғатәнамалды, сапаны, мезгілді, мекендіатайтынсөздерболғандыктан, оларетістіктерменмолтіркеседіжәнеоларморфологиялықөзгеріскетүсеалмайтынболғандыктанетістікпентекқабысыптіркеседі. Тіркескенүстеусөзбенетістікмынадаймағыналықкатынаста тұрады:

1. Мезгілдік — жаңа қарады, ерте бітті, биыл көшті. 2. Мекендік — әрі отырды, кері бұрылды т. т. 3.Амалдық — шапшаң көнеді, бастан-аяқ айтты, қасқырша ұлиды.[28-б]

Есімді сөз тіркестері[1] — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есімсияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

· Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.

· Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.

Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).

Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi