Оқылым
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
(122 сөз)
1. Мәтінді оқып, мазмұнға сай 2 дұрыс ақпаратты анықтаңыз.
№ Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
ешқандай мал көтере алмапты.
2 Батыр дұшпанның қолында қалуды тілемейді.
3 Оқжетпесте қайың мен теректер өседі.
[1]
2.Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз.
[1]
3.Мәтіндегі бір мәселені анықтап, оған өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Ойыңызды білдіру барысында жаңа сөздерді қолданыңыз.
Мәтіндегі мәселе
Менің көзқарасым
[2]
4. Мәтін жанры:
[1]

Жазылым
Қазақстанның болашақ ұрпағының атынан соғыс ардагерлеріне хат жазыңыз. Хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданыңыз. Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін (сұрақ белгісі, леп белгісі, нүкте) қолданыңыз.
[10]
Барлығы: 15 ұпай

герман123344444 герман123344444    1   18.05.2020 10:18    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi