ОҚЫЛЫМ еді. .
1-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар. Қою қаріппен жазылған
сөздердің мағынасын анықтаңдар.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Қарлығаш
Қарлығаш биік жардың басына ұя салады:
Қарлығаш қарманып жүр ұя салып,
Биікке жылан жетпес қия салып,
Сазынан саздау жердің балшық илеп,
Өзінше кірпіш етіп құя салып,
Бір күні Қарлығаштың ұясына Жылан өрмелейді. Мұны көрген Қар-
лығаш шырылдап, көмек іздейді.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек берші, балапандарымды Жылан
жейін деп жатыр!» - дейді.
— Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, - дейді Кенек.
Қарлығаш Қарғаға келеді:
Қарғажан, маған көмек берші. Балапандарымды Жылан жейін деп
жатыр, – дейді жылап,
Қарға Қарлығашқа қарамастан:
Үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! - дейді.
Қарлығаш шарасыздан Дәуітке келеді:
- Улы Жылан балапандарымды жейін деп, ұяма өрмелеп барады.
Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді Дәуіт.
Қарлығаш қанатына отырғызады. Олар көзді ашып-жұмғанша ұяға жетіп
келеді.
Дәуіт ұяға жақындаған Жыланға тап береді. Жыланның көзін шұқып
алады. Жылан сылқ етіп жерге құлайды.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген Қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері Қарлығаш пен Дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін
болған екен.