ОҚЫЛЫМ. ЧТЕНИЕ. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прочитайте текст и выполните задания.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
1.Мәтіндегі тірек сөздерді (4 сөз) табыңыз. Найдите в тексте опорные слова (4 слова).

2. Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Используя стихотворения ответьте на вопросы и определите основную идею текста (одним полным предложением пишем основную идею текста).

Сұрақ Жауап Негізгі ой
Жастар кіммен жайраңдасып, күліседі?
Қыз-келіншектер қалай киінеді?
Жазғытұры жердің жүзі қандай болады?

ЖАЗЫЛЫМ. ПИСЬМО.
Суреттер бойынша «Қазақтың ұлттық қолөнері» немесе «Қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттап жүрген белгілі тұлғалар» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз (55-60 сөз). Используя рисунки и опорные слова напишите рассказ на тему «Национальное казахское рукоделие» или «Известные личности, пропагандирующие казахские национальные ремесла» (55-60 слов).

Тірек сөздер/Опорные слова: ұлттық қолөнер, киіз, жүн, саз, құрақ, мата, ою, өрнек, тігу, қыш, құмыра, табақ, жануарлар, сырмақ, әшекей бұйымдар, білезік, сақина, сәукеле, былғары, сүйек, қамшы, кәдесый, асыл тастар, безендірілген.

стас483 стас483    1   03.05.2021 10:44    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi