Оқылым. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. «Бауыржан бұрын Дзержинский көшесінде, шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық
советтен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық советтің қызметкері телефон соғып,
сіздің өтінішіңіз орындалды, келіп кең пәтердің ордерін алыңыз дейді. Пәтерімді көрейін
деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
– Неге мұңайып тұрсыз, шешей? – дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің
қасына тоқтап.
Әйел қалалық советтің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ
дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.
– Маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті.
Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді, – дейді.
Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты
едірейіп, электр сымының біріне бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете
қалады.
Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз – пәтеріңіз өзіңізге тиеді, –
дейді де Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан қалалық советке
тартады.
– Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, – дейді ол бағана қолына
ордер ұстатқан қызметкерге келіп. – Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерде бұрын уәде
етілген адамдарға беріңіз!
1. Мәтіндегі ақпараттардың дұрыс, дұрыс еместігін анықта.
ақпарат Дұрыс Дұрыс
емес

Бауыржан қалалық советтен пәтер сұрайды
Бауыржан Момышұлы орыс әйелге екі бөлмелі пәтер беремін деп
уәде береді.
Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, - деп
айтады қызметкер.
2. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз.
1.
2.
3.
Тілдік бағдар. Берілген сан есімдермен сөйлем құра.
сегізінші, бес-бестен, отызға жуық, алтау

belayazima belayazima    3   22.05.2021 18:59    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi