Оқылым. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24
желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге
келген.
Әкесі Момыш ескіше сауатты адам болған.
224
1921 жылы бастауыш мектепті бітіріп, 1924
жылы Шымкент қаласында жеті жылдық
мектепте оқиды.
Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі
әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі
болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы
басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-
майор И.В. Панфиловтың басшылығымен
Алматы маңында жаңадан жасақталған 316
атқыштар дивизиясының құрамында
майданға аттанады, батальон, полк
командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың
соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны
басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы
кескілескен шайқастар кезінде өз
батальонын 27 рет шабуылға бастап
шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі
жауынгерлік құрамымен аман-есен
дивизиясына қосылды.
1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту»
орденмен, 1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуді
қорғағаны үшін» медалмен, 1945 жылы
шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет
белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз»
орденімен 2 рет марапатталды.
Бауыржан Момышұлы - Кеңес Одағының
Батыры, халық қаһарманы, даңқты
қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Мәтінге 3 сұрақ қойыңдар (составить к
тексту 3 вопроса