Оқылым бөлігі Оқыңыз.
Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.
Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де, тәрбиелі еді. Әрі бәрі шеттерінен өнерлі балалар. Әсіресе, Аян мен Серік өте жақсыға оқыған. Біз үнемі футбол ойнап спортпен айналыстық. Аян мейірімді де, ақылды. Мен оны осы қасиеттері үшін де жақсы көретінмін. Бүгінде оның қайда екенін білмеймін, оларды сағынып, іздеп жүрмін.
(Қазақстан әйелдері, № 8, 2008 ж. 111 сөз)

1. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) нағашым
В) достарым
С) ауыл
D) футбол
2. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы.
А) сыныптастар
В) студенттер
С) балалық шақ
3. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Балалық шақ тәтті екен.
А) қызық
В) қиын
С) ауыр
D) қымбат
4. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Біз үнемі футбол ойнап, спортпен айналыстық.
А) ылғи
В) қашан да
С) әсіресе
D) әрқашан
5. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Олар да мен секілді студент шығар.
А) сияқты
В) сонымен
С) сол себепті
D) сондай-ақ
6. Бірге жүрген достардың орны бөлек.
А) өзгеше
В) артық
С) бірге
D) бірлікте
7. Оның достары қандай балалар деп ойлайсыз?
А) – Меніңше, тәрбиелі, өнерлі
В) ұйымшыл
С) көп қыдырады
D) ізденімпаз, көп оқиды

берсик7 берсик7    1   18.11.2020 09:31    0

Ответы
artemklykmann artemklykmann  18.12.2020 09:32

Объяснение:

1)достық

2)балалфқ щақ

3)қызық

4)ылғи

5)сияқты

6)бірге

7)а

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi