Оқылым . Айтыс дәстүрі

Айтыс - қазақ халқының ең жақсы көретін өне түрі.Көптеген ғасырлар бойы

халқымыз ақындарды арнайы айтыстыратын болған. Ақындар айтыс арқылы өз ойларын

ашық айта білген. Айтыс кезінде барлық айтылған сөз ескеріліп, хан да, халық та ақынның

сөзіне қарсы тұрмаған. Айтыс кезінде екі ақын бір-бірімен өлең сөз арқылы жарысады.

Айтыс халық алдында сол сәтте ойдан шығарылып орындалады. Осылайша орындайтын

ақындарды суырып салма ақындар деп атайды. Әр ақын өз елінің намысын қорғайды.

Қарсы ақынның мінін табуға, кемшілігін көрсетуге тырысады. Сол арқылы қарсыласын жеңіп шығуды көздейді. Ақындар айтыс кезінде өз туындысын домбыраға, қобызға, сырнайға қосып

орындайды. Айтыстың жеңімпазын анықтайтын тыңдаушы халық.

Қайым айтыс - қыз бен жігіттің әзіл-қалжыңына құралады. Бұл айтыс ойын-

сауық, той-думандарда орындалады. Қыз бен жігіт бір-біріне деген махаббат

сезімін қайым айтыс арқылы білдіріп отырған. Қайымдасу соңында қыз жігітке сақина-

жүзігін қалдырған. Сол арқылы қыз жігітке өз сезімін білдірген.

Айтыстың барлық түрi екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi - түре айтыс, екiншiсi - сүре айтыс.

Ақындардың бiр – бiр ауыз өлеңмен қысқаша жауаптасуын түре айтысы деп атаймыз.

Түре айтысты атақты ақындармен қатар айтысты жаңа үйреніп жүрген көпшiлiк те

қолданған. Түре айтыс - айтыстың шапшаң жауаптасу түрі.

Суырып салма өлеңдерге әбден төселген, нағыз ақындардың ұзақ сөйлеп айтысуын –

сүре айтыс деп атаймыз. Сүре айтысында көбінесе ел жағдайы, халық тағдыры, ру

намысы сөз болады.

1-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша 3 дұрыс жауапты анықтаңыз,белгілеңіз.

Ақындар айтыс кезінде өз туындысын ... қосып орындайды.

А) домбыраға Д) жетігенге

Б) сыбызғыға Е) қобызға

С) саз сырнайға Ж) сырнайға

2-тапсырма. «Шын» ақпаратты анықта

А) Ақындар айтыс арқылы өз ойларын ашық айтқан

Б) Айтыс арқылы әр ақын қарсыласының жетістіктерін көрсетеді

С) Түре айтыс- айтыстың ұзақ сөйлеп айтысуы

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

Айтыстың қандай түрлерін білесің?Айтыстың түрлерін сипаттаңыз.

Қазіргі айтыскер ақындарға өз пікіріңізді білдіріп, жауап жазыңыз.

4-тапсырма.Сөздің синонимін тап.(3 дұрыс жауап).

«Шапшаң»

А) тез Б) жылдам

С) баяу Д) жедел

5-тапсырма.Жазылым.Берілген тақырыптардың бірін таңдап эссе жазыңыз.

Жазылымда орфографиялық,пунктуациялық нормаларды сақтап,себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді орынды пайдаланыңыз.(60-70 сөз)

1. «Байқоңыр - ғарыш айлағының экологиялық мәселелері»

2. «Ел болашағы- жастардың қолында»​

gulzat2110 gulzat2110    3   18.05.2021 15:57    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi