ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 2 -тапсырма. Мәтінді оқы. Ондағы маңызды деректерді анықта. Осы мәліметтерді пайдаланып, диалог құрыңдар.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы обл сы Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген.
Жазушының «Менің атым Қожа» повесі бойынша кино фильм түсірілген.
Бұл фильм 1963 жылы экранға шықты. Фильмнің режиссері — Абдолла Қарсақбаев.
Сценарийін жазған — Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский. Сазгер — Нұрғиса Тілендиев.
Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Сегізбаев — ғалым, фило- софия ғылымының кандидаты, бірнеше кітаптың авторы.
1967 жылы «Менің атым – Қожа» фильмі Францияда өткен Канн кинофестивалінде арнайы сыйлықпен марапатталды.
-Сен білесің бе Бердібек Соқпақбаев қай жылы дүниеге келгенін?
- Ия,Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда дүниеге келген.
- Оның қандай атақты шығармасы бар?
- Менің ойымша "Менің атым - Қожа" ең атақты шығармасы және бұл шығарма тупалы фильм түсірілген.
- "Менің атым - Қожа" фильмі Францияда өткен қандай кинофестивалде марапатталды?
- Ол фильм Канн кинофестивалінде арнайы сыйлықпен марапатталды.