І. ОҚЫЛЫМ Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]
(Найди в данных предложениях одну «неправильную» информацию )
Тұжырым Шын Жалған
А Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.
В Қалада халық көп, көшелері у да шу.
С Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. (Найти к данным словам из текста антоним и синоним)
Бүгіннен (антоним) - [1]
Қолы ашық (синоним) - [1]
4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [1]
(Поставьте порядок предложений 1,2,3 в соответствии с текстом)
Мәтіндегі ақпараттар Реті
Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.
Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.
«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік».
5. Сұраққа толық жауап жазыңыз. Ауыл адамдары қандай? (Дай полный ответ на вопрос: Люди из аула какие? )
[1]
ІІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңы