Оқылым 5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Қазақстан көпұлтты республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік
дәуірде КСРО-дағы жалғыз интернационал ел
аталғанымыз тегін
емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр тәлкегіне
ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды
туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан қазір Қазақстан
көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар дос-
тығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі
халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік
саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек»
дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты
бір және олардың еркiн еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясат-
пен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол -
кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мұн-
дай үрдіс көптеген мемлекеттерде мүлдем жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып
жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспорала-
ры бар. Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап,
өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жа-
тыр. Бұған әрине қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай
ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар
Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек
артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-
тың тұрғаны айтпаса да түсінікті.
(Газет материалынан)

ZL708 ZL708    3   19.02.2021 12:42    4

Ответы
VTKOF VTKOF  21.03.2021 12:42

Еліміздің бірлігі

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi