Оқылым 4-тапсырма. Мәтінді оқып, әр абзацтағы ойдың берілу тәсілдерін анықта
(ақпарат беру, талдау, қорыту, хабарлама жасау).
Адам денсаулығының жақсы болуына оның көңіл күйі мен төңі.
регінде болып жатқан жағымды өзгерістердің маңызы ерекше. Қуа-
ныш, сүйініш, таңдану, сүйіспеншілік сезімдері адамның денсау-
лығына жақсы әсер етеді. Оның дене құрылысының өсіп-жетілуін
жақсартады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал болмашы нәрсеге
күйіну, қайғы-қасіретке түсу немесе біреудің табысына қызғаныш біл-
діру, жек көру сезімдері адамның денсаулығын нашарлатады.
Әлемге әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина ауруларды емдеп, сауықты-
руда дәрілер мен хирургиялық әдістерден бұрын жылы сөздің қажет-
тігін айтқан. Біздің ата-бабамыз сөздің әсер ету күшін біліп, көптеген
мақал-мәтелдер қалдырған: «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жылы сөз
жанға қуат береді», «Жақсы сөз жанды айықтырады, аурудың жазы-
луына жәрдемін тигізеді» т.б.
Адамның рухани күйі мен ішкі сезімі – денсаулықтың кепілі. Көңіл
күйді жадыратып, жүрекке жылы тиетін жақсы сөздер деніңіздің сау
болуына әсер етеді. Себебі жан мен тән егіз. Халқымыздың «Жаны
саудың –тәні сау» деген мақалы өмірден алынған.
( «Денсаулық — халық байлығы» кітабынан)
50