ОҚЫЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді оқып, нақты дерек пен авторлық көзқарасты ажы-
рат.
Дәл бүгіннен бастап
А өзінің айналасындағыларға, басқаларға деген көзқа-
расын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді.
Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмайтын адамдар бақытсыз
болады. Сондықтан өз бақытымыз үшін өзіміз күресейік. Алдымен
өзімізбен күресуді жақсы ойдың негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін
мен сіздерге өзім орындайтын бағдарлама ұсынамын. Оның аты «Дәл
бүгінгі күннен бастап» деп аталады.
Дәл бүгіннен бастап «Мен бақыттымын» деген сөзді басшылыққа
аламын.
Дәл бүгіннен бастап мен өзімді қоршаған ортадан тек қана жақсы-
лық іздеймін, ойым мен ниетімді жақсылыққа бастаймын.