Оқылым. 1- тапсырма. Мәтінді оқы. /Прочитай текст. «Саятшылық»
Оқуды бітіріп, аулына оралған Арман атасы екеуі қоян аулауға
бармақшы болды. Атасының қолында – қыран құсы. Ол -
құсбегі. Бұл өнер оған әкесінен дарыған. Атасы жол-жөнекей
құсбегілік өнер туралы айтып келеді.
- Тыңда, балам, қыран құс көбіне күзде үйретіліп, бапталады.
Оған ерекше күтім керек. Кәне, енді сен маған қыранның
түрлерін атап бер.
- Бүркіт, қаршыға... Ата, басқа қандай түрі бар, айтыңызшы.
- Сұңқар, лашын, бидайық. Ана жаққа қара, қоян қашып барады!
Атасы айтқан жаққа қараса, тау бөктерінде бір қоян безіп
барады. Атасы бүркітін салуға дайындала бастады.
- Ата, қоянға тиіспейік. Обал болар. Ол әлсіз әрі қорғансыз ғой, -
деді.
Арманның қоянға шын жаны ашып тұрғанын көрген атасы:
- Жарайды, балам, онда жүр, үйге қайтайық. Біраз құсымызбен
серуендедік. Аңшылық кәсіп оңай емес. Сен де үйрен, бүркітті
бапта. Мақұл ма?
Атасына уәдесін берген Арманның қуанышында шек болмады.
Жазылым. 2-тапсырма.
1 Мәтіннен бұйрық райдағы етістіктерді тауып жаз.
2 Мәтіндегі бұйрық рай етістіктерімен сөз тіркестерін
құрастыр.
3 Бұйрық райдағы етістіктермен сөйлемдер құрастыр.
Перевод этих вопросов:
1 Найдите и напишите в тексте глаголы в
повелительном наклонении.
2 Составьте cловосочетания с глаголами
повелительного наклонения.
3 Составляйте предложения с глаголами в
повелительного наклонения.
(ответьте на казахском языке)
как можно скорее с казахским)))