Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. «Уақыт бар ғой!» - деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма! Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. 1. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз. Бүгін [1] Арзан [1] 2. Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. [1] 3. «Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз. [1] 4. Мәтінге тақырып қойыңдар. [1] Жазылым 2-тапсырма. «Үш тіл білу-заман талабы» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 70 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз. [10]


Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты ма

ojitovtitan ojitovtitan    2   28.10.2020 09:50    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi