Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. ІН, Әлем 21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі. Себебі бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын ТеХНОЛОГИЯ әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр. Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады. Заман алға жылжыған сайын Өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен