І. ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.

Мықты қолдар күшікті сыртқа шығарды. Бесеуін өлтірді де ең кішісін алып кетті. Көзін ауылға келгеннен кейін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзірледі. Мойнына жіп тақты. Үй ішінен шықпайды.Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындағанда Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Көкжал болды. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын. Ауылдың малына қауіп төнді. Даладағы қой, жайлаудағы сиырға шауып, жылқыға дейін жеді. Күніне бір мал жейді. Маңайдағы ауылды түгел шулатты. Адамдар мылтық атып, қорқытты, одан да жасқанбады. У берді. Оны да жемеді.

Сұрақ

Көксеректі қалай суреттейді?

Құрмаш неге қасқырдың күшігіне Көксерек деп ат қойды?

Қалай ойлайсың, қасқыр қолға үйренді ме?

! СОЧ! если не знаете ответ то не пишите ничего!

MainkraeTV MainkraeTV    2   10.03.2021 08:17    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi