Оқылым 1. Мәтінді оқы. Прочитай текст Нұрғали ағаның бағы Нұрғали ағаның ауласы ағашқа толы. 400-500-дей жеміс ағашы, алма мен алмұрттың екі-үш сорты, теректердің бірнеше сорты, қайың, емен, табиғи долана жайқалып тұр. «Бала кезімнен тау-тасты аралап, шөптің, ағаштың неше түрімен таныс болдым. Әлі есімде, үшінші сыныпта оқимын. Балалармен таудан алма ағашты көріп, тамырымен қазып алып, аулаға әкеліп отырғыздым. Оны аялап күтуді әкем үйретті. Қазір ол жемісі бар үлкен ағаш болды. Мен жетпістен астым, ол алпыстан асты. Ағаш отырғызу осылай басталды. Кейін 15-20 түп алма ағашын отырғыздым. Олар да жемісін беріп, жайқалып тұр. Қазақта: «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Тіпті «ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен бірдей» деп есептеймін. Табиғатты қалай аяласаң, ол саған солай жауап береді..». Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. Прочитайте текст и отвечайте на вопросы. 11. Нұрғали ағаның бағында қанша жеміс ағашы бар? 1.2. Мәтінде жеміс ағашынан басқа қандай ағаштар аталады? 1.3, Нұрғали аға үшінші сыныпта қандай ағаш отырғызды? Ол ағаш нешінші жыл өсіп тұр? 1.4. Мақалада қандай өнегелі сөздер бар?