Оқылым 1.
Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықтаңдар.
Зұлмат соғыс... Осы бір шағын тіркесті айта қалсаң, көз алдыңа әлемнің
ауыр қасіреті келеді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына,
жеріне деген патриоттық сезімі мен жанқиярлық ерлігін көрсетті. 500-ден
аса жерлесіміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің
барлық түрі мен құрама өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден
дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Олар: Талғат
Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Мол
дағұлова және басқалары.
1941 жылдың ызғарлы 15-16 қарашасында басқыншы неміс фашистері
Кеңестер Одағының астанасы Мәскеу қаласына жойқын шабуылын бас-
тады. Қазақстанда жасақталған генерал Иван Панфиловтың басқаруындағы
316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкінің жауынгерлері мұздай
қаруланған екі есе көп жауға Дубосеково разъезінің түбінде қарсылық көр-
сетіп, қайсарлық пен ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Оның ішінде 28 панфи-
ловшы батырдың бір қадам кері шегінбей, қасық қаны қалғанша айқасатыны
да осы тұс.
Жауға қарсы шайқастар майданның алдыңғы шебінде ғана емес, алыстағы
қазақ ауылдарында да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған
босқынды өз бауырына аналық мейірімімен тарта білді. Қазақстан халқы
күн-түн демей астық алқаптары мен зауыттарда еңбек етіп, майданға керекті
оқ-дәрi мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Еңбек даласында бел жазбай жұмыс істеген әйелдерсіз
екімесе де, иықтарына үлкен