Оқушының аты-жөні: Оқылым

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббаттың, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.

Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Тағы «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлері бар.

Күй анасы – Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», – деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б.

1) Мәтін не туралы? / О чем текст? [1]

А) күй құдіреті В) атақты күйшілер

С) танымал күйлер D) барлық нұсқалар дұрыс

2) Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. / Продолжайте предложение своими словами. [1]

Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы.

3) Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз. / Сопоставьте информацию с вариантами дұрыс/бұрыс/айтылмаған . [2]

1) Күй анасы – Дина. А) дұрыс

2) Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Әсем қоңыр». В) айтылмаған

3) Құрманғазыны көптеген қазақ күйшілері үлгі тұтқан. С) бұрыс

4) Мәтін бойынша мәліметі тауып жазыңыз. / Найдите нужную информацию в тексте и напишите. [1]

Динаның күйлері:

Коугар Коугар    2   17.03.2021 09:43    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi