Оқушылар, сіздер сабақта «Менің өлкемнің табиғаты» туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Қазақстанның табиғаты қандай?, Қандай қалалары бар?, Оңтүстікте не өсіріледі?, Солтүстіктегі ауа-райы қандай? - осы сұрақтарға сүйене отырып қысқаша эссе жазба жұмысын орындаңыздар. Орфографиялық нормаларға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. (Ребята, вы познакомились с информацией о «Природе моего края» на уроке.
Какова природа Казахстана? Какие города есть? Что выращивается на юге? Какая погода на севере? - написать краткое эссе на основе данных вопросов.(7-8 предложения) Пишите в соответствии с правилами правописания, правильно соединяйте окончания, правильно используйте знаки препинания.)

alinavasileva22 alinavasileva22    2   18.05.2021 13:34    0

Ответы
01lina10 01lina10  17.06.2021 22:56

1. Қазақстанның табиғаты өте ғажайып.

Біздің аумағымызда керемет Сарыарқа,

фламинго ұшып келетін Қорғалжын қорығы,

Шарын каньоны, Алатау және Қаратау

таулары, Борабай, Каспий теңізі бар.

2. Оңтүстігімізде жеміс жидек, мақта, күріш

өсіріледі.

3. Солтүстікте бидай өсіріледі, ол бидай

еліміздің әр бұрышына жетеді.

4. Солтүстікте өте суық. Жазда салқын, ал

қыста жиі боран болып тұрады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Амиiskdhdm Амиiskdhdm  17.06.2021 22:56

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Ашық аспан астында орналасқан кешендегі шағын макеттер сізге қалада серуендеп жүргендей күй кештіреді. Ал 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халық көрмесі өтеді. Бүгінгі Астана – Қазақстанның мақтанышы.

2. Алматы

Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.

3. Шымбұлақ

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Жайлы климат, шуақты күндердің көптігі, тұрақты қар жамылғысы және табиғаттың таңғажайып көрінісі бұл жерге қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді ғана тартып қоймайды. Сонымен қатар табиғат аясында, таза ауамен тыныстауды жақсы көретін жандар үшін де таптырмас орын. Онда келушілерге арналған үлкен шаңғы трассасы бар. Шаңғыға алғаш тұрған адамдар да, бұл спортпен кәсіби айналысатын жандар да сол жерден табылады. Шымбұлақтағы қалың қар қабаты желтоқсаннан сәуір айына дейін жатады.

4. Түркістан

Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Оның ең басты көрнекті жері V ғасырда іргесі қаланған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол сол заманның ерекше сәулет туындысы болып табылады. Күмбезі қыштан соғылған ғимарат ішінде үлкенді-кішілі 35 зал мен бөлме бар. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әртүрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Орталық залда үлкен қазан орналасқандықтан ол жер «қазандық» деп аталады. Қазан түркі халықтарының қонақжайлылығы мен бірлігінің символы болғандықтан оның көлеміне аса мән берілген. Диаметрі 2,45, салмағы 2 тонна. 7 металдың қо жасалған дүние.

5. Шарын шатқалы

Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шет­елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

6. Балқаш көлі

Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Каспий және Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша 3-орында. Көлдің батыс бөлігіндегі суы тұщы, ал шығыс бөлігіндегісі ащы болып келеді. Тіпті оның әртүрлі болуы ғарыштан да байқалады екен. Көлде балықтың 20-ға жуық, ал құстың 120-ға жуық түрі мекендейді. Оның 12-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

7. Бурабай курортық аймағы

Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.

8. Байқоңыр қаласы

Бұл қалада өзі аттас алғашқы және әлемдегі ең үлкен космодромдардың бірі орналасқан. Мұндағы көрнекті жердің барлығы осы саламен байланысты. Туристер арасында Байқоңыр ғарыш алаңы тарихының мұражайы, Халықаралық ғарыштық мектеп, Гагариндік ұшу алаңы, ғарышкерлер аллеясы аса танымалдылыққа ие. Сондай-ақ ұшу алдында ғарышкерлер тынығатын «Космонавт» қонақүйі бар. Ұшыру саны бойынша Байқоңыр ұзақ жылдар бойы өзінің алдағы орнын сақтап келеді.

9. Хан Тәңірі шыңы

Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi