Оқулық. 55-бет, 4-тапсырма. Мәтінді оқы. Ат қой. Кең байтақ қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдіктерге аса бай.
Соның бірі- даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің
жерімізде қызғалдақ гүлінің 32 түрі кездеседі. Оның 12 түрі эндемикалық, яғни тек қана
қазақ жерінде ғана өсетін қызғалдақ болып саналады. Сондықтан Қазақстан
"Қызғалдақтың отаны" деп аталады.
"Қай ел қызғалдақтың отаны?" деген сұрақ бойынша талас та бар. Дүниежүзінде
қызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан елдер көп. Бірақ Қазақстандағы
қызғалдақтар табиғи таза, к сімдік болып саналады. Сондықтан олар хош
иісті, айналасына ерекше жұпар шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады.
Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі болып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары
және т.б. Қызғалдақтың ішінде көп кездесетіні-қызыл мен сары түстілері.
Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі "Қызыл кітапқа" тіркелген.
Сондықтан қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.
1-тапсырма. Мәтін бойынша кластер құрыңыз.