О СО ЖАЗЫЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді оқы, ақпараттарды есте сақта. Осы мәтінді үлгі ете отырып, қазақ зерттеушілерінің аспан денелеріне қатысты жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы 2 минуттық ха- барлама дайында. Хабарламаны сынып алдында ауызша баянда. Ол үшін әртүрлі дереккөздерден керекті ақпаратты іздеп тап. 1997 жылы қазан айында НАСА, ЕКА және АСИ бірлескен жобасы бойынша «Кассини-Гюйгенс» аппараты Канаверал түбе- гінен ғарышқа ұшырылды. Бұл жоба Сатурн жүйесін, соның ішінде оның серігі Титанды зерттеуге бағытталған. Титан Жерден ең қашықта орналасқан аспан денесі. 2004 жылдан бастап «Кассини» Сатурн планетасының жасанды серігіне ай- налды. Содан бері ғарыш аппараты Титанды айналып ұшып, 1200 шақырым ғана қашықтықтан суретке түсіріп, зерттеп жүр. Титанның бетіндегі газ құрамын, топырағын зерттеу үшін ғарыштық зонд та түсірілді. Ол 2020 жылдары Юпитер жүйесін зерттеуге кіріспек.