Оқиғалардың реттілігін анықта. Күн жылынған шығар деп жұқа барқыт бешпентiн шешіп, қолына
І
алды. Уқаланған өңірін жазып жатып: «Ертең сүйегіме шапан
жетпей қалса, - деді ішінен, - Бектемірден қалған жалғыз
Ерғабылдың басында түк болмады деген атаққа қалармын».
Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар, – деп макудап,
көзін жұмды. Ерекең ұйықтамаса да көзін жұмып отыруды
I ұнататын. «Уақыт шіркін зымырап өтті де шықты. Тәңірінің құдіреті
күшті-ау. Енді міне, тірліктегі ырыздық-несібенің таусылуы да
тақады. Әйтеуір артымызда бір жаман бар. Тұяқсыз пенде емеспіз...
A
І
Келесі күні Ерекең кетпенiн алып «қысқа отын жоқ, бар кезінде қи
ойып алайын» деп қыстау жанындағы қораға кетті. Уайымын басу
үшін тағы да жігіттік дәуренін, бұрынғының адамдарын еске
түсірмек болды.
І
Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ат жақты,
қапсағай сары жігітті құшағына қысты. Одан соң омырау, жеңдері
ашық, шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақсары,
ажарлы келіншекті шіміркеніңкіреп, маңдайынан сүйген болды.
Артқа
Тексеру
15:15