Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қарайсың міне соған тамашалап, Сол судың кете алмайды дәмін татқан. /Кітап/. Сандығым бар өзгеше, Қолыма алып жүремін. Ішін ашып ақтарып, Өмір сырын білемін. /Кітап/. Ұзын-ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер? /Кітап/. Бір қобди дүние жүзін бағалаған, Әсемдеп, талай адам қамалаған. Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде, Ашылса табылар еді не қалаған. /Білім, кітап/. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, Ашылар мезгілінде баурын жазып. Ішінде толып жатқан қазынасы бар, Қорек қып пайданалар тамам халық. /Кітап, оқу/.
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.
/Кітап/.
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
/Кітап/.
Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
/Кітап/.
Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
/Білім, кітап/.
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.
/Кітап, оқу/.