нужно составить по этому тексту диалог! Немнее 14 строк. Ең қиын мамандық - адам боп қалу Хосе Хулиан Марти Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар: Бірінші әдісі- сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін. Екінші әдіс- қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет. Тағы бір үшінші жол бар. Ол-өзінің ата-анаңның, атаңның немес бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы-адаманың өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.