Нужно составить план по тексту.и найти опорные слова. Қазақстанда Құралай Нуркаділова , Берік Ысмайылов , Айгүл Қасымова , Аида Қауменова , Камила Курбани , Мая Қуандықова және т.б. заманауи сәнгерлер киім кию үлгісін жасайды . Олар Қазақстандағы сән өнерінің дамуына зор үлес қосты . Түрлі сәндік үлгілердегі киімдерді ойлап тауып , халыққа ұсынды . Бұл сәнгерлердің қолынан шыққан сәнді киімдерді көбінесе сахнада жүрген өнер адамдары ниеді . Сангерлер өнер адамдарының сұранысы бойынша арнайы киім үлгілерін дайындайды . Қазір сәнді киімдерді тігумен айналысатын аттары елімізге танымал « Сымбат » , « Ерке - Нұр » , « Фортуна » , « Сара » , « Нұр әсем » , « Роза » , « Дзва » сияқты сән ательелері бар . « Сымбат » сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы болып құрылған . Қазір әлемге танымал холдингке айналды . 1972 жылы Қазақстан мамандарының сән үлгілері алғаш рет шетелге шығарылды . Шетелдегі сан майталмандарының сынынан өтті . 1988 жылы « Сымбат » сән үйі « Золотая лента » бас жүлдесіне ие болды . Ол Қазақстандағы « Must industries ( АҚШ Нью - Йорк ) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі « Chico's » , « White and black » , « Victoria secrets » атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің айрықша дизайнін жасап шығарады . Компанияның топтамалары халықаралық подиумдарда жылына екі рет көрсетіліп тұрады . 1987 жылы « Сымбат » сән театрының негізі қаланды . Сән театры көптеген шетелдік сан жәрмеңкелеріне қатысқан . « Сымбат » сән театры Қазақстанның атынан 30 - дан астам елде өз топтамаларын көрсетіп келеді , Франция , Англия , Италия , Канада , Корей Республикасы , Ресей және т.б. елдерде танылды . Онда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен мәдениеті негізге алынып , ою - өрнекпен өрнектелген 700 - ге жуық киім үлгісі жинақталған . « Сымбат » сан журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады . Бүгінгі таңда мұндай сан журналдарының саны көбейді . Олар : « Burdas " , « Сәулелі сән » ( қыз келіншектерге арналған мұсылмандық сән журналы ) . « Ерне - Нұр » компаниясының жанынан 2007 жылдан бері « Ерке - Нұр » атты қыз - келіншектерге арналған әдеби танымдық сан журналы шығып келеді .