Нужно составить диалог расписание уроков на казахском языке.и в диалоге вклбчить такие вопросы : бүгін казак тили нешеде басталады? ағылшын тілі сабағы нешеде аякталады? сабағынан нешеде шығасын? төртінші сабақ нешеде басталады?

Ramble2285 Ramble2285    3   28.06.2019 09:40    1

Ответы
никитаррр1 никитаррр1  02.10.2020 13:49

Сабақ кестесі туралы диалог.

Анасы: Балам, бүгінгі сабақ кестең қалай?

Баласы: Бүгін төрт сабақ оқимыз.

Анасы: Бүгін қандай сабақтар оқытылады?

Баласы: Бізде бүгін қазақ тілі, ағылшын тілі, математика сабақтары бар.

Анасы: Қазақ тілі нешеде басталады?

Баласы: Қазақ тілі кесте бойынша бірінші сабақ, яғни сағат екіде басталады.

Анасы: Ағылшын тілі сабағы нешеде аяқталады?

Баласы: Ағылшын тілі бүгін екінші сабақ, үш отыз бесте аяқталады.

Анасы: Жақсы, үшінші сабақ математика ма? Одан нешеде шығасың?

Баласы: Ия, математика үшінші сабақ. Ол төрт жиырма бесте аяқталады.

Анасы: Ал соңғы, төртінші сабақ нешеде басталады?

Баласы: Соңғы сабағымыз төрт жарымда басталып, бес он бесте аяқталады.

Анасы: Жақсы, онда бестен аса мектептің жанына келіп, сені күтіп тұрамын. Сосын екеуіміз атаң мен әжеңнің үйіне барамыз.

Баласы: Жақсы, анашым. Онда кездескенше!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi