Нужно сочинение на казахском языке на тему моя будущая профессия-учитель

4534567889246400607 4534567889246400607    2   20.05.2019 19:50    301

Ответы
Zakharova2007 Zakharova2007  01.10.2020 01:18

Шығарма

Менің болашақ мамандығым – мұғалім.

Мамандық – сабырлықты,ұзақ толғаныс пен қайсарлықты талап ететін қиын таңдаулардың бірі.Мамандық таңдауда әр адам қателеспеуі керек.Себебі,сол адам таңдаған мамандығы бойынша кейін өз нанын тауып,күн көреді.Мен өз ойымды саралап,бейімділіктері мен бойымдағы қасиеттерімді аңғарып мұғалім мамандығын таңдаймын деп шештім.

Мұғалім – адамнан нағыз адам баулитын ұлы мамандық.Оның алдынан кез келген маман иесі өткен шығар,сірә.Бұл мамандықты меңгерудің жолы да ауыр.Әр үйдің тентектерін өз баласындай қарап,оларды білімге шақыру – кез келген жанның қолынан келе бермейді ғой.

"Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға" демекші,нағыз ұстаз алдындағы әртүрлі мінезі бар шәкірттердің жүрегіне жола таба алу керек.Мен сондай білікті ұстаздардың бірі,Шырайлы Шығыс елінен шыққан Қанипа Бітібаева секілді болғым келеді.

Ұстаз болу жолында мен аянбай еңбек ету керекпін.Бұл мамандыққа тек білімнің болуы жеткіліксіз.Сен психолог,екінші ана болу керексің.Міне,мұғалім болу үшін мен бар жан тәніммен еңбек етемін дегім келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi