НУЖНО ПРЯМО СЕЙЧАС​ В ЗАМЕН ПОДПИШУСЬ И ЛАЙК ПОСТАВЛЮ


2-тапсырма

Мәтіннің мазмұнымен танысып, мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып,оларды синонимдік қатарға ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазыңыз

Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф- сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері Қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі.

Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді. Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата- бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.

Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын 7 қалдырып отырды. Соның бірі, әйгілі әйел патша –
. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі «Тарих» шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынадай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» — деп, оған Кирдің басын салдырған.

egorywka egorywka    2   17.10.2020 04:05    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi