, нужно перевести,без переводчика


, нужно перевести,без переводчика

chmochmoshnoe chmochmoshnoe    2   17.02.2022 20:51    1

Ответы

тоғызға бес минут қалды, үштен үш минут кетті, сағат екі, сегізге жиырма бес минут қалды, он бір жарым, онға екі минут қалды, он екіден жиырма минут кетті, үш жарым, сағат он бір, онға он минут қалды, жетіден үш минут кетті.

сағат неше ? алтыға бес минут қалды. Тұратын уақыт болды.

Сен дәрігерге қашан барасың? Сағат екіде. Сағат неше? Алтыдан үш минут кетті.

Менің үйге кетуім керек. Кешіріңіз, сағат неше болды? Сегіз жарым. Сегіз жарым? Менің сабаққа баруым керек.

Ертең нешесі? Ертең бірінші май, мейрам.

Театрдың алдында алтыда кездесейік. Жоқ, алтыға он бес немесе жиырма минут қалғанда кездесейік. Жарайды, алтыға он бес минут қалғанда кездесейік.

Сабақ нешеде басталады? Оннан жиырма минут кеткенде.

Автобус қашан? Үш жарымда.

Сен қашан келесің? Сегізге жиырма бес минут қалғанда. Маған он екі жарымда телефон соқ.

Сағат он бірге бес минут қалғанда Нұғман мырза сендерді күтеді.

Маған жұмысқа қашан шығу керек? Сағат тоғызда. Сен өзіңнің жұмысыңды нешеде аяқтайсың? алты жарымда.

Медеуге қай уақытта барамыз? Үйден тоғыздан жиырма минут кеткенде шығайық.

Мені ертең күтіңдер. Ұшақ екіге жиырма бес минут қалғанда қонады.

Сағат неше? Үшке он минут қалды. Қазір теледидарда " Тамаша" хабары басталады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi