Нужно ответить на вопросы! 1.саған отбасында кім көп көңіл бөледі? 2.ата-анаң саған қандай жылы сөздер айтады? 3.сен ата-анаңа көңіл аударасың, ба? 4.анаң саған қатты ашуланса, кешіре аласың ба? 5.отбасыңда бір-бірлеріңді кешіре білесіңдер ме? 6.отбасында болған қиындыққа қ білдіре аласың ба? 7.неге бақыт тек қиындықпен келеді?

stepman228 stepman228    1   10.06.2019 20:10    11

Ответы
nazek121992 nazek121992  09.07.2020 01:42

Берілген сұрақтарға жауап:

1. Саған отбасында кім көп көңіл бөледі?

Біздің отбасымызда менің анам маған көп көңіл бөледі және «қыз бала анаға жақын» болғандықтан, анам екеуміз жиі сырласып тұрамыз.

2. Ата - анаң саған қандай жылы сөздер айтады?

Ата - анам мені "құлыным", "жаным", "ботақаным", "қошақаным", "алтыным" деп еркелетеді.

3. Сен ата - анаңа көңіл аударасың ба?

Әрине, мен ата - анама көңіл аударамын және ата – анам жұмыстан бос уақытының бәрін отбасына арнайды. Уақытты бірге өткізгенді ұнатамыз.

4. Анаң саған қатты ашуланса, кешіре аласың ба?

Анам маған ренжіген уақытта қатты ашуланғанмен, ашуы ұзаққа созылмайды. Әдетте ашуынан тез қайтып, қателік жіберсе, кешірім сұрай да алады. Ал мен болсам, анама ренжімеймін.

5. Отбасыңда бір - бірлеріңді кешіре білесіңдер ме?

Ия, біздің отбасымызда ата – анамыз әрдайым бір - бірімізге түсінушілікпен қарап, кешірімді болуға үйретіп отырады.

6. Отбасында болған қиындыққа шыдамдылық білдіре аласың ба?

Кей кездері оңайға соқпағанымен, шыдамдылық танытуға тырысамын. Ата – анамыз қиындыққа мойымауға үйретіп отырады.

7. Неге бақыт тек қиындықпен келеді?

Менің ойымша, «қолда бардың қадірі жоқ» демекші, тек қиындықпен келген бақытты ғана бағалай білетін болғандықтан деп ойлаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi