Нужно немного информации на казахском языке о любом созвездии! (заранее ! )

нина412 нина412    1   18.09.2019 14:30    1

Ответы
LoveSmile78900987 LoveSmile78900987  08.10.2020 00:13

Аққу шоқжұлдызы

Аққу - Солтүстік аспан жартышарының шоқжұлдызы. Оның орталығындағы жарық жұлдыздар аспанда айқыш пішінді бейнелейді. Аққу α жұлдызы аспандағы 1 дәрежелі 21 жұлдыздың бірі. Аққу шоқжұлдызы - Құс жолында жатқан шоқжұлдыздардың бірі. Аққу шоқжұлдызындындағы Аққу α жұлдызы, Лира шоқжұлдызындағы Лира α жұлдызы және Бүркіт шоқжұлдызындағы Бүркіт α жұлдызы жазғы аспан үшбұрышын құрайды.

Ең алғаш рет аққу щоқжұлдызы Клавдий Птолемейдің«Альмагест» кітабында «құс» деген атаумен кездеседі. Егер бір деректер бойынша, аққуды Леданың артынан жүретін Зевс деп айтса, басқа деректер бойынша Аққу Лира шоқжұлдызының қасында орналасқан Орфей деп айтылады.

Көп жағдайда бүгінгі шоқжұлдыздардың аты грек тілінде айтылса, жұлдыздардың аты арабша айтылады. Соған байланысты аққуды гректер «орман құсы» деп, ал арабтар «тауық» деп атаған. Арабтардың «тауық» деп атауының себебі, аққу шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы – денеб араб тілінен аударғанда «тауықтың құйрығы» деген мағынаны береді.

Батыс мифологиясы бойынша Аққу шоқжұлдызы туралы үш түрлі айтылым бар:

1. Құдайлардың Құдайы Зевс Афинаның солтүстігіндегі Рамнустан өтіп бара жатқанда кек құдайы Немезиданы көріп ғашық болып қалады. Немезида одан құтылу үшін ұқсамаған хайуанның пішініне еніп, біресе су жолымен, біресе құрлық жолымен қашады. Бірақ ақыры Зевстің қуғындауынан қашып құтыла алмайды. Ол ақыры аспандағы Аққу шоқжұлдызына айналып кетеді.

2. Зевс кек құдайы Немезиданы қолға түсіру үшін өзі аққуға айналып, махаббат құдайы Афродитаға бір бүркітке айналып өзін қуалауды бұйырады. Мақсаты Немезиданың жанашырлығын ояту болатын. Зевс мақсатына жетеді, сосын осы істі еске сақтау үшін Аққу және Бүркітті бірдей аспанға шығарып, оларды Аққу және бүркіт шоқжұлдызы етеді.

Осы екі ертегідегі оқиға бойынша, Немезида жұмыртқа табады да оны Гермеске береді (кейбір айтылым бойынша Спартаның әйел патшасы Ледаға береді, кейбірі бойынша бір қойшыға береді). Сол жұмыртқадан Гректің ең әйгілі сұлу аруы Елена  өсіп шығады.

3. Тағы бір айтылым бойынша, Зевс аққуға айналып Спартаның әйел патшасы Леданы қызықтырмақ болады. Содан Леда екі жұмыртқа туады. Оның бірінен егізжұлдыз Кастор мен Полидевк , ал келесі жұмыртқадан Елена  мен Клитемнестра пайда болады. Жұмыртқа қабығы Спарта ғибадатханасында жібек жіппен іліп қойған екен. Әдетте Кастор мен Клитемнестра Спарта патшасы Тиндарейдің ұрпағы есептеледі. Ал Троялық Елена мен Полидевк екеуі Зевстің ұрпағы есептеледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi