нужно 3. Аудиожазбадан (05. mp3) «Иттің достығы» мысалын тыңдап, өлеңнің атауын талқылаңдар. Шынайы өмірмен байланыстырып, «Төрт сөйлем» (пікір, дәлел, мысал, қорытынды) тәсілімен жұмыс жүргізіңдер. - «Қырық мысалды» оқып, ұялдым. Өзімнің һәм өзім секіл- ділердің адасып жүргенін сонда байқадым...» (М. Дулатов). «Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ ті- лімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мекте- бінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес» (С.Мұқанов). «Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері да- мытып, нағыз ғалымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген Ахмет Байтұрсынұлы» (Қ.Мұхаметха- нов).