нужен супер краткий перевод на русском рассказа ы.алтынсарина дүниеде жамандық неден не туралы Дүниеден безіп, тасқа шығып кеткен, бір ақ жүрек шал қалың ну орманды мекендейді. Ормандағы аң мұнан қорықпайды. Аңмен сөйлесіп ұғысатын болады. Бір ағаштың түбінде ақ жүрек жатыр еді. Сол жерге түнемек болып қарға, кептер, бұғы жылан жиылды. Олар: «Дүниеде жамандық неден болады?» — деп, кеңес құрды.

Дүниеде жамандық түбі — аштық, тамаққа әбден тойсаң, бір бұтақтан бір бұтаққа қонасың.

«Қарқ-қарқ!» — деп, өлеңді соғасың, тұла бойың лықылдап толған қызық, қуаныш, не көрсең, соған қуанасың, — ал, енді, бірер күн аш болсаң, көзіңе көрінгеннің бәрін иттің етінен жек көресің, құдайдың күніне де қарағың келмейді, қайда барарыңды білмейсің, бір жаққа жоғалып кеткің келеді де тұрады. Бірден ұшып, бір жерге қонасың, сенде дамыл жоқ. Ұшып көрсең, есің шығып, бұрынғыдан да жаман боласың. Не екенін аңдамай киіп кеп кетесің, сені таспен, таяқпен жіберіп ұрады. Ит, қасқыр сүйрелеп жүрген жемтіктен айырмайсың, тамақ үшін аштан қанша қарға өледі. Жамандықтың бәрі аштықтан, — деп шешен қарға соқты.

— Дүниеде жамандық аштықтан емес, жамандық түбі — махаббат. Біз жалғыз-жалғыз өмір сүрсек, уайым қайғы жоқ болар еді. Жалғыз басқа кедейлік, кемшілік жоқ. "Біз жұптан жүреміз, жұптан өмір сүреміз. Жарыңды өзіңнен артық көресің, жарыңды ойлап сенде тыныштық жоқ.

«Тоқ па, аш па, суыққа тоңды ма?» деп, сорлайсың да жүресің. Бір жаққа бөлек ұшып жырақ кетсе, «не болды?» деп, ойлап әуре сарсаң боласың; «қаршыға көзін шұқып жатыр ма, балалар ұстап алды ма?» деп, іздеп өзің ұша жөнелесің, сөйтіп қаңғып жүріп, не қаршығаға, не тұзаққа өзің кез келесің. Жарың жоғалса, жарың өлсе, дүние түкке тұрмай кетеді. Енді дүниеде сүйікті еш нәрсе болмайды. Түк жемей, түк ішпей іздейсің де, жылайсың. Қанша көк кептер осыдан өледі, жамандықтың бәрі аштықтан емес, махаббаттан, — деп көк кептер сөйледі.

— Жоқ, жамандық аштықтан да, махаббаттан да емес. Жамандық түбі — жаман мінез.

Біз тату жүрсек, қастық ойламасақ, кекшіл болмасақ, жақсы болар еді. Бір нәрсе өзің ойлағандай болмаса, ашуланасың, дүние көзіңе түк құрлы көрінбейді. Көзіңе не түссе, бәрін жек көресің. Ойлағаның біреуден кек алмақ. Біреуді шақпақ болып ысқырып, іздеп, иіріліп жүргенде, ашуланып өзіңді өзің ұмытып кетесің, ешкімді аямайсың: әке-шешең тұрса, шағасың, өзіңді-өзің жегің келіп тұрады. Өлгенге кейін ашуланасың. Дүниеде жамандықтың бәрі — қара жүректіктен деп, — жамандықтың иесі жылан соқты.

— Жоқ, дүниеде жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, жаман мінезден де емес, — қорқақтықтан. Қорықпайтын болса, дүниеде жақсылық жауғандай болар еді. Аяғымыз жүргенде желмен таласады. Қуат көп, мықты жаудан қашып құтыласың. Бірақ, қорықпасқа болмайды. Сырт етіп бір бұтақ сынып кетсе, бір жапырақ сылдырласа, қорқып, селкілдеп кетесің. Жүрегің тас төбеңе шығады, қаша жөнелесің. Қоян жүгіріп келе жатса, құс талпынса, бұтақ сынса, жау келіп қалды ғой деп, тұра жөнелесің, дәл жаудың өзіне жүгіріп кез келесің...

О болмаса иттен қашып жүгіріп, анлдыға соқтығасың. Қорқып, жүгіріп жөнелесің. Қайда қашып бара жатқаныңды білмейсің, құза шығып кетіп, құлап өлесің... Ұйықтағанда да бір көзіңмен ғана ұйықтайсың, тыңдап жатасың. Бәрі қорыққанның азабы... тыныштық бізде жоқ. Жамандық қорқақтықтан деп, момын бұғы сөйледі.

— Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, біздің көріп жүрген азабымыздың бәрі жамандықтың бәрі — біздің тәнімізден: аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі — тәннен өсіп-өнеді, олар тәннің асырап өсірген балапаны.

Сондықтан тәнді таза ұстау керек, — деп ақ жүрек ақсақал әңгімені байлады

valeraitrva valeraitrva    1   13.04.2021 16:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi